Қарапайым киініп алып қала көшелерінің біріндегі Силомер аппаратының қасына келген Назым күшін сынап көргісі келетінін жеткізді. Сол жерде тұрған орта жастағы ер адам жас қызға соққыны қалай жасау керектігін үйретіп, бірер кеңесін айтты. Ол алдында әлемнің екі дүркін чемпионы тұрғанын сезбесе де керек.
Бойжеткен бір соққыдан-ақ 1168 ұпай жинағанда, ер адам таңданысын жасыра алмай: "Мұндай әйелім болғанын қаламаймын", - деді.
Назым Қызайбай Астанада өткен спаррингтік кездесуде Алуа Балқыбекованы жеңіп, лицензиялық жарысқа қатысуға мүмкіндік алған. Енді ол мамырда Париж жолдамасы сарапқа салынатын турнирде бақ сынайды.