"Мен туарда әкем ұл күткен": Назым Қызайбай жеке өмірі жайлы айтты

538

Үшінші бала Назымды әкесі ұл болады деп үміттенген екен. 

"Мен туарда әкем ұл күткен": Назым Қызайбай жеке өмірі жайлы айтты Фото: коллаж: inbusiness.kz

Париж олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай отбасы туралы сырын айтты. Бұл туралы ол 7 арнаға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Назым Қызайбай – үйдің үшінші баласы. Өзінен үлкен ағасы мен әпкесі бар. Алайда әкесі Назымды ұл болады деп үміттенген екен.

"Анамның айтуы бойынша, әкем ұл күткен екен. Жалпы мен бала күнімнен ұлдармен жақсы тіл табысатынмын. Солармен асық атып, футбол ойнауды ұнататынмын. Қуыршақпен ойнау маған қызы емес болатын", - деді спортшы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу