Екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай "NK Team" брендімен спорттық киімдер топтамасын шығара бастады. Бұл жөнінде боксшы қызымыз instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жазды.
"Барлығына үлкен сәлем! Қуана сіздерге xабаралаймын құрметті достар және менін подписчиктарым! Көздеген мақсатына жеткен адам өз туындысын шығаруда. Сонымен өмірімде айналысатын, сүйетін ісіме үлесімді қосқым келді. Ойыма келгені: өз "Логотипіммен" және цитаталар идеясымен өсіп келе жатқан ұрпаққа – болашақ спортшыларға спорттық киім шығару болды. Бұл олардың алдына қойған мақсатына жетуге серпінді күш болып табылады", – деп жазыпты Назым Қызайбай.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу