"Назымды дер кезінде бағаламадық": Шавкат Рахмоновтың қарындасы бар шындықты айтып салды

574

Париж Олимпиадасында қыздар боксынан 50 келіде қола жүлдегер атанған Назым Қызайбайдың спорттағы жолы өзгелерге үлгі болуы керек.

"Назымды дер кезінде бағаламадық": Шавкат Рахмоновтың қарындасы бар шындықты айтып салды Фото: olympic.kz

Даңқты файтер Шавкат Рахмоновтың қарындасы Сора Рахмонова осылай дейді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оның пікірінше, Қазақстанның спорт шенділері мен бапкерлер Назымды дер кезінде бағаламаған. Нағыз бабында болған кезде Олимпиадаға апара алмай, жұлдызды шағын босқа өткізіп алған.

"Он жылдан аса уақыт! Жанып тұрған кезі. Тыс қалған екі Олимпиада. Назымды дер кезінде бағаламадық. Қолда барда алтынның қадірін білмедік. Бәрібір алмас қылыш қап түбінде жатпайды екен. Аяғынан шалған, жолына тосқауыл қойған кедергілерге қарамастан Назым бәрібір Олимпиададағы өзіне тиесілі жүлдесін алды. Тағдырдың бермесін тартып алды десе де болады. Сенің спорттағы жолың барша қазақ қыздарына үлгі", – деп жазды ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу