Сауалнама нәтижелерін NBC жариялады, деп жазады inbusiness.kz.
Зерттеуге 1000 америкалық сайлаушы қатысты. Осылайша, республикашылардың 68%-ы Трампты жалғыз лайықты кандидат, ал оған тағылған айыптаулардың барлығы оның саяси қызметіне қарсы әрекеттер деп санайды. Оның кандидатурасына партия жақтастарының 26%-ы қарсы дауыс берді.
Егер Республикалық партияның праймеризі қазір өткізілсе, сайлаушылар кімді таңдайды деген сұраққа 46% Трампқа, 31% Флорида штатының губернаторы Рон Десантиске дауыс береді. Тек 6%-ы бұрынғы вице-президент Майк Пенсті қолдайтын еді.
Екі партияның жақтастарына келетін болсақ, жартысынан көбі (52%) Трампқа айып тағылатындай негіз бар деп санайды. Ал сауалнамаға қатысқандардың 43%-ы қарама-қарсы көзқарасты ұстанады.
Бір қызығы, респонденттердің 60%-ы оны екінші мерзімге ұсынбау керектігін атап өтті. Дегенмен Джо Байденнің қайта сайлануына 70%-ы қарсы. Көбіне оған себепші болған фактор - қазіргі президенттің денсаулық жағдайы.
"Президент елдегі жас тобының айнасы болуы тиіс. Екеуі де отставкаға кетуі керек. Яғни басқа біреудің кезегі келді", - деді Вашингтон штатындағы демократиялық сауалнамаға қатысушылардың бірі.
21 сәуірде CNN Джо Байден келесі аптада өзінің екінші мерзіміне кандидатурасын ресми түрде жариялауы мүмкін екенін хабарлады.