NCOC 3,6 млрд теңге айыппұл төледі

145

Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.  

NCOC 3,6 млрд теңге айыппұл төледі Фото: azh.kz

Атырау прокуратурасы North Caspian Operating Company (NCOC) мұнай консорциумынан экология талаптарын бұзғаны үшін 3,6 млрд теңге өндіріп алды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қадағалаушы орган хабарлағандай, тексеру барысында экологиялық рұқсатсыз алауларда шикі газды шамадан тыс жағу фактілері анықталды.

Прокуратураның актісімен, жер қойнауын пайдаланушы ӘҚБТК-нің 356-бабы (Жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3,6 млрд теңге экологиялық залал бюджетке толық өндірілді.

Прокуратура компаниялардың жауапты лауазымды тұлғаларын қоршаған ортаны ластауға жол бермеу және экологиялық нормаларды қамтамасыз ету міндеті жүктелген тұлғалардың жауапкершілігін арттыру қажеттігіне назар аударуды ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу