18 тамызда Атырау облысы бойынша экология департаменті North Caspian Operating Company N.V. (NCOC) компаниясына күкіртті нормадан тыс орналастырғаны үшін 2,3 трлн теңге және күкіртті газды апатты жағдайда жаққаны үшін тағы 1,5 млрд теңге айыппұл салды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бұл оқиға 2022 жылы басталған. Сол кезде экология департаментінің мамандары компания нысандарына профилактикалық бақылау жүргізген. Тексеру барысында экологиялық заңнама талаптарының бұзылғаны анықталды, осы бойынша бірнеше әкімшілік іс қозғалды.
Істерді қарау қорытындысы бойынша NCOC мынадай төлем жасаулары тиіс:
- күкіртті нормадан тыс орналастырғаны үшін – 2 трлн 356 млрд 293 млн 268 мың теңге;
- нормаланбаған шығарындылар және күкіртті газды апатты жағдайда жаққаны үшін – тағы 1 млрд 506 млн 914 мың теңге.
Департамент қаулысы әлі заңды күшіне енген жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу