NCOC консорциумы: Қашағанның басқару моделінде ешқандай өзгеріс болмайды

728

Қашағанның басқару құрылымында ешқандай стратегиялық өзгеріс болмайды. Кен орнының негізгі консорциумы – NCOC Atameken Business арнасы жолдаған ресми сауалға осындай жауап қайтарды. Онда тек басқарушы директордың ғана ауысатыны көрсетіліпті.

NCOC консорциумы: Қашағанның басқару моделінде ешқандай өзгеріс болмайды

1 маусымнан бастап, бұл міндетке Оливье Лазар келмек. Бұған дейін 2017 жылдан бері Ричард Хоув басшы креслосында отырған.

Сәуір айының басында Қашағанның басқару моделінде, Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісімге кірушілер арысында өзгеріс болатындығы туралы ақпар тарады. Оған сәйкес, NCOC операторының құрамындағы француздық Total компаниясы үлестен шығып, акциясын Shell мен Exxon Mobil-ге беретіні айтылған. Оған басты себеп – өзара басқару стратегиясында ортақ келісімнің жасалмауы делінген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу