NCOC-тан мемлекет пайдасына қаражат өндіріп алу жұмысы жалғасып жатыр – Әділет министрлігі

528

Жұмыс заңда белгіленген тәртіппен жалғасатыны белгілі болды.  

NCOC-тан мемлекет пайдасына қаражат өндіріп алу жұмысы жалғасып жатыр – Әділет министрлігі Фото: azernews.az

Әділет министрлігі Қашаған операторынан 2,3 трлн теңге мөлшеріндегі экологиялық айыппұлды өндіріп алу жөніндегі атқарушылық іске қатысты ресми түсінік берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жекелеген БАҚ-та NCOC компаниясынан мемлекет пайдасына ақшалай қаражат өндіріп алу жөніндегі атқарушылық іс жүргізудің тоқтатыла тұрғаны туралы ақпарат тарады. Әділет министрлігі аталған ақпаратқа қатысты ресми түсініктеме берді.

"Қазіргі уақытта NCOC компаниясы мемлекеттік сот орындаушысының әрекеттеріне шағымдануына байланысты Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты атқарушылық іс жүргізу материалдарын сұратқан. "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Заңның 42-бабының 13) тармақшасына сәйкес, сот атқарушылық іс жүргізуді талап еткен жағдайда, атқарушылық іс жүргізу оны сот қайтарғанға дейін тоқтатыла тұрады. Осылайша, NCOC компаниясынан мемлекет пайдасына қаражат өндіріп алу бойынша жұмыс заңда белгіленген тәртіппен жалғасатынын хабарлаймыз", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу