Ндрангета соты: Италиядағы 207 мафиоз және олардың сыбайластары 2200 жылға бас бостандығынан айырылды

474

Бұл соңғы 30 жылда елдегі мафия ісі бойынша ең үлкен сот. 

Ндрангета соты: Италиядағы 207 мафиоз және олардың сыбайластары 2200 жылға бас бостандығынан айырылды Фото: pixabay.com

20 қарашада Италия соты елдің оңтүстігіндегі Калабрия провинциясындағы "Ндрангета" қылмыстық мафия тобына қатысы бар 207 адамды соттады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BBC агенттігінің жаңалықтарына сілтеме жасап.

Калабрияның оңтүстігіндегі Ламеция қаласының арнайы салынған Терме ғимаратында өткен үш жылдық сот процесі аяқталды.

Арнайы ғимарат күшейтілген қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету және 350 айыпталушы, 400 адвокат және 900 куәгерді орналастыруға қажет болды.

Сот нәтижесі бойынша, 131 айыпталушы ақталып, қалғандары жалпы 2200 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Үкімді жариялаудың өзі бір жарым сағаттан астам уақытқа созылды.

"Ндрангета" (грек тілінде "ерлік" деген мағына) сицилиялық Коза Ностра немесе неаполитандық Каморра секілді танымал емес, бірақ ол - әлемдегі ең күшті, бай және ықпалды қылмыстық топтардың бірі.

Топтың Солтүстік және Оңтүстік Америкада, сондай-ақ Африкада базалары бар.

Сот алдында жауап берген кей айыпталушылар Еуропаның әртүрлі елдерінде, сондай-ақ Бразилия, Эквадор және Ливанда ұсталды.

Бұл ретте сөзсіз "аумақ иесі" Луиджи Манкузо бұл сот процесінде айыпталушылар тізіміне енген жоқ.

Айыпталушылардың үштен бір бөлігі ақталғанымен, шыққан үкімдер "Ндрангетаның" қызметіне айтарлықтай нұқсан келтіруі керек.

Тергеу 2016 жылы басталып, Италияның кем дегенде 11 аймағына тарады. Оған 2500-ден астам полиция қызметкері жұмылдырылды.

Мафиялық топтың "жедел орталығы" ағайындар Манкузо бақылаған Вибо-Валентия шағын қаласы болды. "Ндрангетаға" қарсы операция кеңінен танымал болғанға дейін ол көбіне жыл сайынғы фортепиано байқауын өткізумен танымал болды.

Қулықпен ұйымдастырылған жерлерде жасырынған көшбасшыларды ұстаумен итальян  полициясының Squadrone Carabinieri Eliportato "Cacciatori di Sicilia" элиталық бөлімшесі айналысқан.

Қамауға алынғандар, айыпталушылар мен сотталғандар арасында мафиялық топтың тікелей мүшелері ғана емес, олармен сыбайлас болған саясаткерлер де болды. Оның кейбірі Германияда, Швейцарияда, тіпті Болгарияда қамауға алынды.

Ресми деректерге сәйкес, "Ндрангета" басшыларының бірі Рокко Морабито Уругвайда қамауға алынды. Топ Латын Америкасындағы кокаин өндірушілермен тікелей байланыста болған.

Италияның мафияға қарсы күрестің тергеу басқармасының (ІІД) соңғы есептерінің бірінде "Ндрангета" "қылмыстық дүниедегі абсолютті басым күш" деп аталды.

Айта кетейік, 2008 жылы италиялық Eurispes зерттеу тобы "Ндрангетаның жылдық айналымын 44 млрд еуроға (48 млрд доллар) бағалады. Бұл сол кезде Италияның ішкі ЖІӨ-нің шамамен 3%-ын құраған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу