Не адам, не көлікке арналған жол жоқ - Ақтау тұрғындары наразы

451

Тұрғындардың айтуынша, 16-шағын ауданда жүріп-тұру мүмкін емес. 

Не адам, не көлікке арналған жол жоқ - Ақтау тұрғындары наразы Фото: тұрғындардан

Ақтау қаласындағы 16-шағын аудан тұрғындары сапалы жол салынуын күткеніне 5 жылдан асты. Жауапты мекемелерге қанша жүгінсе де, ешқандай нәтиже жоқ, дейді.            

"16-шағын ауданда адам жүретін де, көлік жүретін де дұрыс жол жоқ. Жол қашан салынады? Осы жерде тұрып жатқанымызға қанша уақыт өтті, әлі ешқандай жол жоқ. Бізде жолдың бәрін труба тарту үшін, желі қосу үшін қиратып тастайды. Шұрық-тесік жолдан шаршадық. Такси шағын ауданға кіргісі келмейді. Жолдың шетіне тастап кетеді",- дейді тұрғындар.                                                                 

Қалалық әкімдік мамандарының айтуынша, шағын аудан ішіндегі жаяу жүргіншілерге арналған жолдар мен ішкі автомобиль жолдарын, инженерлік желілерді салуға жобалық сметалық құжаттар дайын.                       

"16-шағын ауданда инженерлік желілер, автомобиль және жаяу жүргіншілер жолдарын салу бойынша жобалау-сметалық құжаттама дайындап, мемлекеттік сараптама қарауына жолданды. Сараптаманың оң қорытындысын алу биыл тамыз айына жоспарлануда. Осыдан кейін, құрылыс-монтаж жұмыстарына қаражат бөлуге бюджеттік өтінім жіберіледі",- дейді Ақтау қалалық құрылыс бөлімінің мамандары.                                                                                         

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу