Не электр жарығына, не ауыз суға жарымай отыр

505

Жезқазғанның іргесіндегі Қабанбай батыр елді мекенінің тұрғындары жарық пен ауыз суға жарымай отыр.

Не электр жарығына, не ауыз суға жарымай отыр Фото: inbusiness.kz

Алайда, құжат негізінде ауылда жарық бағандарын орнату үшін, миллиондаған қаржы құйылған, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Деседе, қараша оның қызығын көре алмай келеді. Неге?

Мыңнан аса түтіні бар Қабанбай Батыр ауылына жарық пен су тұрақты берлімейді. Былтыр жарық бағандарын орнату үшін, қазынадан 28 миллион теңге бөлінген. Бірақ, ашқаны игеруді ғана ойлағандар жұмыстарын шала істеп кетіпті. Ал, жалғыз жылу қазандықтағы насос арқылы беріліп келген ауыз су бұл мүлде тоқтаған. Себебі, тозған қазандық іске жарамсыз болып қалыпты.

Құжат жүзінде Қабанбай батыр ауылында жарық бағандары орнатылған. 6 жылдан бері су құбырлары тартылып келеді. Бірақ, шынайы көрініс қағаз бетіндегідей емес.  Соған қарамастан, шенділер мердігерлерге шаң жуытпай отыр.

Бұл былықтарды Жезқазған қалалық прокуратурасы назарына алғалы бері, еш шара жасамаған. Сондықтан тұрғындар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментіне де  арызданыпты. Әзірге шала іске жол берген шенеуніктер де, мердігер де ешқандай жауапқа тартылмаған. Енді қараша Ел Президентіне шағымданбақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу