"Не үшін маған 4 жыл?": Байжанов үкім оқылған соң судьяға сұрақ қойды

4375

"Не үшін маған 4 жыл?": Байжанов үкім оқылған соң судьяға сұрақ қойды

"Не үшін маған 4 жыл?": Байжанов үкім оқылған соң судьяға сұрақ қойды Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

Салтанат Нүкенованы өлтіру ісі бойынша үкім оқылды. Судья Айжан Құлбаева сотталушылар Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтан қандай да бір сұрақтары бар-жоғын сұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

24 жылға бас бостандығынан айырылған Қуандық Бишімбаев үкімге қатысты сұрағы жоқ екенін айтып жауап берді. 4 жылға сотталған Бақытжан Байжанов сұрақ ойды:

"Не үшін маған 4 жыл?" - деп сұрады ол.

Судья Құлбаева сот алқабилермен бірге осындай шешім шығарғанын айтты. "Жарайды. Кінәсіз адамды соттадыңыздар", - деді Байжанов.

Судья сотталушылар үкімге 15 тәулік ішінде шағым түсіре алатынын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу