Небәрі 18 секундта қазақстандықтар жеңіл автокөлікке берілген несиені игерді

733

Платформа іске қосылған алғашқы минутта autonesie.kz сайтына 125 мың адам кірген, деп хабарлайды inbusiness.kz.    

Небәрі 18 секундта қазақстандықтар жеңіл автокөлікке берілген несиені игерді Фото: halyq-uni.kz

"Таңғы сағат 10.00-де платформа іске қосылған сәттен бастап алғашқы 18 секундта 761 қазақстандық өз өтініштерін тіркеді. Бірінші минутта сайтқа кірушілер саны 125 000 адамды құрады", - делінген индустрияны дамыту қоры таратқан хабарламада.

Қор autonesie.kz сайты жүктемені жеңіп, пулдың қалыптасуын қамтамасыз етті деп сендіреді.

"Шектеуге жеткеннен кейін өтінімдерді қабылдау автоматты түрде аяқталды, "өтініш беру" функциясы белсенді емес болды. Өтініштерді қабылдау барысында кейбір пайдаланушылар автокөлік өндірушісін таңдай алмады, бұл да өтінімдер шегіне жетуге қатысты", - деп мәлімдеді Өнеркәсіпті дамыту қорының өкілдері.

Келесі өтінім қабылдау наурыз айында іске қосылмақ, одан ікейін ай сайын қолжетімді болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу