Небәрі бес күн ішінде 144 келі есірткі тәркіленді

1191

Ішкі істер органдары 5-9 ақпан аралығында есірткі құқықбұзушылықтарының алдын алу бойынша "Тосқауыл" акциясын жүргізді. 

Небәрі бес күн ішінде 144 келі есірткі тәркіленді Фото: canva.com

Оның ішінде 30 кг синтетика, 110 кг марихуана, 3 кг гашиш және 800 гр трамадол тәркіленді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"Тосқауыл операциясының шеңберінде көші-қон полициясы қызметкерлерімен бірлесіп, күн сайын шетелдік азаматтар және олардың тұратын жерлері тексерілді. Операция барысында көші-қон заңнамасын бұзған 1321 жағдай тіркелді, 218 құқықбұзушы елдің сыртына шығарылды. Қызметтік іздестіру иттерін қолданумен көліктік сала нысандарында, автокөлік құралдары, багаж, пошталық бөлімшелерде тексеріс жүргізіледі. Олардың көмегімен 33 есірткіге қатысты қылмыс ашылды. Қару-жарақты заңсыз сақтаудың 31 фактісі анықталды. Барлығы 268 құқықбұзушылықтың жолы кесілді. Олардың ішінде 58 есірткі өткізу, аса ірі көлемде сақтау 40 фактісі және есірткі контрабандасының 7 фактісі анықталды. Заңсыз айналымнан 144 кг жуық әртүрлі есірткі заттары, оның ішінде 30 кг синтетика, 110 кг марихуана, 3 кг гашиш және 800 гр трамадол тәркіленді", — деді Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті басшысы орынбасары Бақытжан Әмірханов. 

Сонымен қатар Рудныйда синтетика жеткізушісі ұсталды. Одан 16 г астам α-PVP есірткісі тәркіленді. Есірткі салынған 10 пакет табылды. 

Атырау облысында интернет дүкенге курьер болып жұмысқа тұрған синтетикалық психотропты заттарды жасырушы ұсталды. Оның жалдамалы пәтерін тінті барысында салмағы 1,5 кг α-PVP және мефедрон есірткі заттары тәркіленді. 

Шымкентте полиция қызметкерлері елдің бірқатар ірі қалаларында синтетикалық есірткіні көтерме саудамен айналысқан өңірлік есірткі жеткізушісін ұстады. Алматыдағы жалдамалы пәтерін тінту барысында жалпы салмағы 1,5 кг болатын амфетамин, ЛСД және экстази есірткі заттары тәркіленді.

Солтүстік Қазақстан облысында учаскелік полиция инспекторы арнайы бөлім жауынгерлері мен криминалдық полиция қызметкерлерінің қатысуымен жергілікті тұрғынды ұстап, 8,5 кг марихуана тәркіленді. 

Жалпы соңғы бір апта ішінде 2777 қылмыс жасалды, оның 1809-ы бір тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері ізін суытпай 7 кісі өлтіруді, өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана зиян келтіру бойынша 4 істі, 37 тонау, 1 қарақшылық және 299 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу