"Неден бастарымды білмеймін": Төреғалидің қарындасы әпкесінің жағдайын айтты

3123

Ол әпкесінің денсаулығын уайымдап жатқан көпшілікке insagram парақшасында үндеу жасады.

"Неден бастарымды білмеймін": Төреғалидің қарындасы әпкесінің жағдайын айтты Фото: instagram/tattti_kyz

Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина Төреәлі Түркияда онкология бойынша тексеріліп жатқан әпкесі Фариза Төреәлінің жағдайын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Сіздерге бір шықпасам өз-өзіме сыйып отыру мүмкін емес болып бара жатқан сияқты. Күндіз-түні келіп жатқан толассыз хаттар, уайымдап шын ниетпен жазып жатқан, дұғада отырған әр оқырманға Алла разы болсын. Бір нақты жауабын күтіп сіздерден де бетер жанымыз шүберекке түйіліп отырғанына бір аптадай уақыт болыпты. Бәріңіз бір хабар күтіп отырғандарыңызды білемін", деді Дина Төреәлі.

Алайда ол әпкесі Фаризаның анализдерінің жартысы әлі дайын болмағанын айтты.

"Соны күтудеміз. Осы жағдай өмірімде орын алған күннен бастап, түйгенім көп. Ішімдегіні айтып бастарымды да білмеймін. Уайымдама деп жазу да, айту да оңай. Бірақ Алламен байланысты дұрыстап, тоқтаусыз дұға еткеннің арқасында жүрек ақырын тыныштық тауып бір жақсылыққа сенуде, деп жазды блогер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу