NEET санатындағы жастардың үлесі азайды

94

Өткен жылдың дәл осы тоқсанында бұл көрсеткіш 7,1% (381,7 мың адам) болған. 

NEET санатындағы жастардың үлесі азайды Фото: Kyzylorda-News.kz

15-34 жас аралығындағы NEET санатына жататын жастардың үлесі (жұмыс істемейтін және оқымайтын жастардың жалпы жастар санына % үлесі) 2024 жылдың III тоқсанында 6,4% (345,5 мың адам) құрады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

NEET категориясындағы жастардың ең көп саны Алматы қаласында (42,5 мың адам), Түркістан облысында (34,6 мың адам) және Астана қаласында (26,4 мың адам) тіркелді. Бұл категориядағы жастардың ең аз саны Ұлытау облысында (5,4 мың адам) байқалды.

Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңына сәйкес 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап жастардың жасы 35 жасқа дейін ұлғайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу