NEET немесе "ниетсіз" жастардың үлесі елде 6,7% құрады

1016

Қазақстанда 15-28 жас аралығындағы жастардың 6,7% не жұмыс істемейді, не оқымайды. 

NEET немесе "ниетсіз" жастардың үлесі елде 6,7% құрады

2021 жылдың II тоқсанының қорытындысы бойынша аталған санаттағы жастардың ең жоғары үлесі Қарағанды облысында (9,1%) ең көп тіркелген, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сілтеме жасап.

Бұл көрсеткіш Ақмолада 8,9%, Қызылордада8,1%, Маңғыстау, Ақтөбе және Түркістанда 7,5% болса, Жамбыл өңірінде 7,4%. Ең азы БҚО-да 3,8%, СҚО 4,8%, Қостанай және Павлодар облыстарында 4,9%, Атырау облысында 5,5% тіркелген. Ірі қалаларға келетін болсақ, Алматыда бұл көрсеткіш 5,7%-ды, Нұр-Сұлтанда 6,9%-ды, Шымкентте 7,3%-ды құраған.

Оқымайтын және жұмыс істемейтін 15-28 жас аралығындағы жастарды NEET (not in education, employment or training) жастар деп атайды.

"Ұлттық статистика бюросында 2010 жылдан бастап NEET жастар жөнінде тоқсан сайын деректер жариялайды. 6,7% деңгей - осы уақыт ішіндегі ең төменгі көрсеткіш. Мәселен, 2020 жылдың ұқсас тоқсанында бұл көрсеткіш 7,6% жеткен еді. Сонымен қатар, ведомствоның мәліметінше, II тоқсанда Қазақстанда 15-28 жас аралығындағы 2,07 млн адам жұмыс күші. Бірақ 2 миллионға жуық адам немесе олардың 96,3% - ы бос емес. Осылайша, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,7% құрады. Егер аталған көрсеткішті өңірлер бойынша қарастыратын болсақ, жастардың жұмыспен қамтылмауының ең жоғары деңгейі Алматыда – 5,4%, Нұр-Сұлтанда – 4,6%, Қызылорда облысында – 4,2%, Қарағанды облысында – 4% және Шымкентте – 3,9% тіркелген. Ең азы – Атырау облысында (2,4%), сондай-ақ СҚО, Жамбыл, Павлодар облыстарында (2,9% - дан) жүр", - делінген хабарламада.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу