"Соңғы зерттеулер нәтижесі – жастар арасында үш негізгі мәселенің өзектілігін анықтады. Атап айтқанда: сапалы білім, жұмыспен қамту және тұрғын үй. Яғни, жүйелі түрде шешуді талап ететін сұрақтар. Ал бұл өз кезегінде стратегиялық құжаттар кешенін қабылдауды көздейді. Біріншіден, "Мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу туралы" Заң жобасы. Оның аясында "Жастар дамуының индексі", "NEET" жастар категориясы" сияқты жаңа ұғымдар заңмен бекітіледі", - деді бүгін халыққа есеп беру кездесуінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева.
Министрдің айтуынша "NEET" жастар категориясымен жұмыс жөнінде Республикалық жобалық кеңсе жұмысын бастаған. Оның аясында, осы категориядағы жастардың бірыңғай мәлімет базасы құрылып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтіледі. Нақты ұсыныстар әзірленіп, адрестік жұмыс бөлімдерін ашу көзделіп отыр.
Аян Бекенұлы