Неге әкімдіктің жұмысын құтқарушылар орындап жүр?

396

Бүгін Орталық коммуникациялар алаңында журналистер әкімдік орнына неге ТЖМ өкілдері су тасқынынан қорғану амалдарын жүргізетінін сұрады.  

Неге әкімдіктің жұмысын құтқарушылар орындап жүр? Фото: ortcom.kz

ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығының м.а. Жомарт Асқаровтың айтуынша, аталмыш министрлік төтенше жағдай туындаған кезде ғана жұмысқа кіріседі және әкімдікпен бірігіп тазарту, қорғау жұмыстарын орындайды, деп жазады inbusiness.kz.

Орталық коммуникациялар алаңында журналистер құтқарушылар жыл сайын өңірлерде арықтарды тазартуға, артық суды тартуға, су тасқыны қаупі жоғары аудандарды құм қаптарымен қорғауға көмектесетінін айтып, неге жергілікті атқарушы органдар өз жұмысын толыққанды орындамайтынын, "әкімдік біреудің жұмысын атқарғаны үшін ақша төлей ме?" деп сұрады.

"Арықтарды тазартуға біздің күштің жұмылдыруына қатысты айтарым, мұндай шара тек қауіп төнген уақытта не төтенше жағдай қалыптасқан жағдайда жедел режимде қабылданады. Мәселе кім қаншалықты жұмыс істейді, кім қанша қаржы бөлетінінде емес, бәрі бірдей жұмылдырылып, ұжым болып іске кіріседі", — деді Жомарт Асқаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу