"Неге әлі ат мініп, жайлауда шапқылап жүр": Жұлдыз Әбдікәрімова балалар әдебиетіне қатысты ойын айтты

411

Ол балаларымен кітап дүкеніне барып, белгілі бір мәселеге кезіккен, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Неге әлі ат мініп, жайлауда шапқылап жүр": Жұлдыз Әбдікәрімова балалар әдебиетіне қатысты ойын айтты Фото: @zhuldyzabdukarim

"Балалармен кітап дүкеніне бардым… Келісім бойынша қазақ тілді роман, проза, фантастика алмақ болғанбыз. Бірақ мынандай мәселеге тап болдық. Қазақ тілді шығарманың басым бөлігі дала, жайлау, көшпенді ел, барымта, соғыс жайлы екен. Қалада туып-өскен бала галактика, жасанды интеллект, матрица әлемі туралы оқығысы келеді. Мені ойландырғаны, аграрлы өмірден урбанизацияға кеткелі қанша уақыт өтті?! Қалада туған бала жайлауды, барымтаны, қалың малды біле бермейді. Бірақ ол үшін оны айыптай аламыз ба? Байқағаным бізге детектив, фентези жанрлары жетпейді екен. Мысалы, Алдаркөсені дәл сол қалпында адам алдайтын кейіпте емес, ақылды, Шерлок Холмстың деңгейіне неге көтере алмаймыз? Таусоғарды мүмкіндігі мол Человек пауктың, Қожаны Хәрри Потердің деңгейіне неге шығармасқа? Әдебиетіміз әлеммен санасатын кез келмеді ме? Неге әдеби кейіпкерлер әлі күнге кино мен мульттуынды кейіпкерлеріне айнала алмай отыр? Біздің кейіпкерлер жаңа уақытпен санасатын уақыт келді емес пе? Бәлкім мен білмейтін фентези жанрында шығармалар бар шығар? Жаза отырыңызшы", – дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу