Неге шетелдік университеттер Қазақстанға инвестиция құюдан тартынады?

342

Шетелдіктер Қазақстанды алыс әрі стратегиялық, инвестициялық тұрғыдан әлі қауіп-қатер жоғары аймақ деп есептейді.

Неге шетелдік университеттер Қазақстанға инвестиция құюдан тартынады? Фото: ortcom_kz

Ал бюджет есебінен шетелдік бағдарламалармен университет ашуға қаржы жетіспейді, деп жазады inbusiness.kz сайты ҚР Ғылым және жоғарғы білім министрі Саясат Нұрбектің жауабына сілтеме жасап. 

"Мықты университтердің көбі бізге бірден инвестиция салып, ғимарат тұрғызуға, шыны керек, дайын емес. Мәселен Хериот-Уатт университетімен бірінші сөйлескенде олар "біз бірінші кезеңде ғимарат салып немесе инвестиция салуға дайын емеспіз" деп ашығын айтты. Қазақстан алыс, стратегиялық, инвестициялық тұрғыдан әлі қауіп-қатердің жоғары деп түсіндірілді, бірақ жергілікті университет базасында бөлек ғимарат тауып берген жағдайда өз бағдарламаларымен кіруге дайын екендерін білдірді. Дәл сондай форматпен Аризона университетімен жұмыс жүргізіліп жатыр", - деді министр. 

Петропавл облысында Аризона университеті үшін бөлек 15 қабатты ғимарат салынды. Алайда, министрдің айтуынша, әр филиалға бөлек-бөлек ғимарат салуды еліміздің қалтасы көтермейді, бірақ инвестиция тарту бойынша Заңнамаға өзгерістер енгізіліп, екі шара қолға алынды. 

Жалпы Қазақстанда 3 мықты университеттердің толыққанды кампусы: De Montfort University (Алматы), Ковентри университеті (Астана), Woosong University (Түркістан) ашылғанын еске саламыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу