Неге тек Алматыда ғана кинотеатрлар ашылады?

753

Шаhардың Бас санитар дәрігері мұның себебін түсіндірді. 

Неге тек Алматыда ғана кинотеатрлар ашылады?

Жандарбек Бекшиннің сөзінше, қазір кинотеатрлар мен сауда ойын-сауық орталығының сенбі күндері ашылуына қатысты талқылау жүріп жатыр. Бұл тек жасыл аймақтағы, яғни індет жұқтырғандар  көрсеткіші төмен өңірлерге ғана қатысты. Егер ауру көрсеткіштері өсіп бара жатса, кинотеатрлардың ашылуы туралы мәселе қарастырылмайды. Бас санитар кинотеатрларға ерекше талаптар қойылатынын айтады. 

"Кинотеатр иелері ұжымдық рецеркуляция, бактерицидті шамдар орната бастады. Залға адамды 30%-дан асырып кіргізуге болмайды. Сонымен қатар келушілерді қашықтық сақтап отырғызу сияқты ұсыныстар айтылуда. Ал сауда-ойын сауық орталықтарындағы көңіл көтеру орындары жабық болады. Бизнес өкілдері осы уақытқа дейін жай қарап отырған жоқ. Ұжымдық диагностиканың түрлі шараларын қабылдады. Қазір сауда ойын-сауық орталығында келушілердің санын есептеуге мүмкіндік туды. Егер келушілер саны 30%-дан асып кетсе, орталық басшылығы бірден нысанды жабуы тиіс", – дейді ол. 

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, мұндағы негізгі мақсат – басқа нысандардың жүктемесін азайту. 

Егер көрсеткіш шекті деңгейден асып кетсе, карантинді жеңілдету шаралары мүлде қарастырылмайды. 

"ҚР Бас санитарлық дәрігерінің қаулысынан соң, бұл мәселе қоғамдық ұйымдар, бизнес өкілдері мен қала әкімдігінің қатысуымен қаралады", – деді Жандарбек Бекшин.

Сондықтан барлығы мегаполистегі эпидахуалға байланысты болмақ.  

"Локдаунның енгізілуі қаладағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты. Халыққа қауіпсіздік шараларын түсіндіріп, айтып жатырмыз. Алайда әлі де күнделікті заң бұзушылықтар болып жатыр. Егер бетперде тағу режимі мен әлеуметтік қашықтық сақталса, адам көп шоғырланған жерлерге бармайтын болсақ, онда эпидахуал тұрақты болады. Қазір ауру көрсеткішін өсірмеу үшін барлық шара қабылданып жатыр. Алайда көп нысандар қауіп тобына жатады. Бұл караоке, бар, бильярд тағы басқа нысандар. Осындай нысандарға баруды доғара тұрсақ, локдаун енгізілмейді", – деді қаланың бас санитар дәрігері. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу