Неге желідегі имамдардың танымалдығы артты?

Мұның себебін маман түсіндірді. 

Неге желідегі имамдардың танымалдығы артты? Фото: Экспресс К

2020 жылы бүкіл әлемде басталған коронавирустық пандемияға байланысты Қазақстанда бұқаралық іс-шараларға, соның ішінде мешіттерге баруға тыйым салынды. Сондықтан дінге қызығатындар желіден "рухани азық" іздей бастады.

Ғаламтордағы белсенді дін қайраткерлерінің арасынан Алматы қаласы мешітінің бас имамы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі, Ақтөбе облыстық орталық мешітінің бас имамын ерекше атап өтуге болады. 

Халық арасында "TikTok-имам" атанған Нұрлан Байжігітұлы да қазір танымал.  Оның TikTok желісінде 405 мыңнан астам жазылушысы бар, Instagram-да оны осыншама адам оқиды.  

Діни қызметкер өз жазбаларында өзін "имам, дінтанушы, теолог, психолог" деп сипаттайды.  Ол жазылушыларына күнделікті мәселелер бойынша кеңестер беріп, жастарға, аға буынға да түсінікті заманауи, жеңіл тілмен, әзіл-қалжыңмен ислам қағидаларын түсіндіреді.

Бұл ретте оның ел арасында неге  сонша танымал болуының себебін Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану институтының ғылыми қызметкері Нұрмұхаммед Мейманқожа ақпарат құиалдарына берген сұхбатында түсіндірді. 

"Әлеуметтік желілердегі уағыз сұрақ-жауап түріндегі форматта өтеді.  Тұрғындарды тұрмыстық, жеке сипаттағы сұрақтар көбірек қызықтырса керек, көбінесе үйде гитара іліп қоюға болады ма, несие алуға, ипотека алуға болады ма деген сияқты қарапайым мазмұндағы сұрақтар жиі қойылады. Желі қолданушылары отбасындағы әлеуметтік міндеттер, бала мен жасөспірімдер тәрбиесі туралы сұрайды. Қоғамда әлеуметтік желілерді пайдаланушылар саны айтарлықтай өсті.  Көбінесе жастар кітап, журнал оқығысы келмейді.  Виртуалды байланыс арналары арқылы ақпарат алудың қарапайымдылығы мен қолжетімділігі дін саласына да әсер етті", – деп  түсіндірді сарапшы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу