Негізгі капиталға 12,3 трлн теңге инвестиция тартылды

599

Былтыр өңірлердің басым бөлігінде жоғары инвестициялық белсенділік байқалды. Бұл туралы үкімет отырысында айтылды.

Негізгі капиталға 12,3 трлн теңге инвестиция тартылды

"Еліміздің 5 өңірінде 20%-дан 60%-ға дейін оң нәтиже тіркелді. Ең жоғары көрсеткіш Түркістан (59,4%) облысында және Шымкент қаласында (40,9%) болды. Қызылорда (-26%), Атырау (-23,3%), Батыс Қазақстан (-21,6%), Қарағанды (-15,5%) және Павлодар (-1,8%) облыстарында инвестициялық белсенділік бәсеңдеп қалды. Тұтастай алғанда, негізгі капиталға 12,3 трлн теңге инвестиция тартылды. Инвестиция кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда 14,8%-ға өсті", – деді ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу