Негізгі капиталға 8,3 трлн теңге инвестиция тартылды

646

Құрылыс секторының қарқыны күшейіп келеді.

Негізгі капиталға 8,3 трлн теңге инвестиция тартылды

Үкімет отырысында 9 айдың қорытындысын жариялағанда ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов осылай деді.

"Негізгі капиталға 8,3 трлн теңге инвестиция тартылды. 13 өңір өсім көрсетті. Оның ішінде ең жоғары көрсеткіш Түркістан облысында және Шымкент қаласында тіркелді. 4 өңірде төмендеу тіркелді. Олар – Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары", – деді ол. 

Министрдің мәлімдеуінше, құрылыс секторының қарқыны күшейіп келеді. Орындалған жұмыс көлемі 10,5% өсті. Жоғары өсім Түркістан облысында және Шымкент қаласында байқалды. 9,6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9% көп.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу