Негізгі капиталға құйылған инвестиция 34%-ға өсті – Әсет Ерғалиев

645

Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев еліміздің  макроэкономикалық көрсеткіштері жайлы мәлімдеме жасады.  

Негізгі капиталға құйылған инвестиция 34%-ға өсті – Әсет Ерғалиев

Ол жылдық инфляция 7%-ға баяулағанын баяндады, деп хабарлайды inbussines.kz тілшісі. 

"Биылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша макроэкономикалық көрсеткіштердің жақсарғаны байқалуда. Кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда, нақты секторда өсу 7,9%-ға дейін жеделдеді, ал негізгі капиталға құйылған инвестиция 34%-ға өсті. Жылдық инфляция 7%-ға дейін баяулады", – деді министр. 

Әсет Ерғалиевтің айтуынша, нақты сектордың салалары тұрақты өсім көрсетті. Олар құрылыс, сумен жабдықтау, өңдеу өнеркәсібі, электрмен жабдықтау және ауыл шаруашылығы салалары. Сонымен қатар, ақпарат пен байланыс саласында 9,9%-ға өсу байқалды. 

"Жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны осы жылғы қаңтар-ақпандағы минус 2,9%-дан қаңтар-наурызда минус 1,6%-ға дейін жақсарды. Өңдеу өнеркәсібі саласында өсу қарқынының жеделдеуі байқалды. Серпінді өсу машина жасауда 21,8%-ға, оның ішінде автомобиль құрастыруда 20,7%-ға ұлғайды", – деді Әсет Ерғалиев. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу