Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 21,6 пайызға ұлғайды

1242

Осылайша, 7,5 трлн теңгені құрады. Ал өткен 2017 жылдың 9 айында - 5,7 триллион теңге болған еді.

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 21,6 пайызға ұлғайды

Елімізге салынған тікелей инвестиция көлемі 15,4 пайызға өсті. Бұл туралы үкімет отырысында ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Оның айтуынша, Қазақстан Орталық Азиядағы тікелей инвестицияларды тарту бойынша көшбасшы ел. Оның үлесі шамамен 70%-ды құрайды.

"Биыл 9 айда негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 21,6%-ға артып, 7,5 трлн теңгені құрады (2017 жылдың 9 айы бойынша - 5,7 триллион теңге). Биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 15,4%-ға ұлғайып, 12,3 млрд долларды құрады (2017 жылдың 1-жартыжылдығында 10,5 млрд АҚШ долларын құрады)", - деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Министрлік трансұлттық компанияларды (ТҰК) тарту жұмыстарын белсенді түрде жүргізуде. Шамамен 10,6 млрд доллар болатын 34 жобадан трансұлттық компания жобаларының тізімі жасалды (12 жоба іске асырылуда, 22 жоба пысықтауда).

"Жалпы сомасы 1,4 млрд доллар болатын 12 жоба іске асырылу сатысында, биыл оның ішіндегі құны 1 млрд доллар болатын 8 жоба қарқынды түрде іске асырылуда. Маңызды жобалардың арасынан инвестиция көлемі 83 млн доллар техникалық газ өндіретін немістің Linde Group компаниясын, инвестиция көлемі 165 млн доллар картоп өңдейтін голландиялық фирманы, инвестиция көлемі 70 млн доллар жоғары сапалы әк өндіретін бельгиялық Carmeuse Group компаниясын, инвестиция көлемі 220 млн доллар сода күлін өндіретін түріктің Yildirim Holding компаниясын, инвестицияларының көлемі 194 млн доллар болат құбырларын шығаратын қытайдың CNPC және цемент өндіретін China Gezhouba Cem компанияларын атауға болады", - деді жобалар туралы айтқан министр.

Жалпы сомасы 9,2 млрд АҚШ долларын құрайтын 22 жоба пысықталуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу