"Негізгі капиталға салынған инвестициялардың ұлғаюы республиканың 18 өңірінде байқалды. Ең жоғары өсім Қызылорда облысында тіркелді (+25%). Үштіктер қатарында Алматы (+19,6%) және Шымкент қалалары (18,3%) бар", - деп жазылған хабарламада.
Осы тұста негізгі капиталға инвестициялардың азаюы Атырау (0,6%-ға) және Ұлытау (30,8%-ға) облыстарында тіркелгенін айта кету керек.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар бойынша 3 сала көш бастады. Атап айтқанда, өнеркәсіп (5 557,4 млрд теңге), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар (2 343,6 млрд теңге), көлік және қойма (1 091,2 млрд теңге) салалары.