Негізгі капиталға салынған инвестициялар 18 ірі қалада 1,5 есе артты – Руслан Дәленов

1191

Үкімет отырысында Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының жобасы қаралды. 

Негізгі капиталға салынған инвестициялар 18 ірі қалада 1,5 есе артты – Руслан Дәленов Фото: primeminister.kz

Бүгінде елімізде 17 өңірде 87 қала мен 6,5 мың ауыл бар. 2015 жылдан бастап урбандалу деңгейі 58,2%-ға дейін өсті. Миллион тұрғыны бар қалалар саны 3-ке жетті. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 18 ірі қалада 1,5 есе артты. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов бүгін үкімет отырысында осындай көрсеткіштерді атады.

Ұлттық экономика министрі атап өткендей, Орталық Азия елдері арасында Қазақстанның урбандалу деңгейі ең жоғары – 58,%, алайда ол Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдеріне қарағанда төмен. Ол елдерде бұл көрсеткіш 77% құрайды. Урбандалу деңгейін 1%-ға арттырғанда, жалпы ішкі өнімнің өсімі 0,12% құрайды. Сәйкесінше, урбандалу деңгейі жоғары болған сайын халықтың табысы да жоғары болады.

Бағдарламаны іске асыру шеңберінде мемлекеттік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары, кешенді жоспарлар және стратегиялар синхрондалатын болады. Кешенді іс-шараларды іске асыру есебінен еңбек, қаржы ресурстарының экономикалық шоғырлануына қол жеткізіледі. 

Министрдің айтуынша, ауылдық өндірушілер үшін ауқымды нарық қалыптастырылады, шикізаттық емес жалпы ішкі өнімнің өсуі қамтамасыз етіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу