Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі артты

1543

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі артты

Қызылорда облысындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі артты, деп хабарлайды статистика комитеті.

Қызылорда облысында 2017 жылдың қаңтар-маусымда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 70 006 миллион теңгені құрады. 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда салынған инвестициялардың көлемі 15,1%-ға артқан. 2017 жылғы қаңтар-маусымда шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаттары инвестициялардың басым көздері болып қалуда, оның көлемі 47 660 млн теңгені құрады.

2017 жылғы қаңтар-маусымда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ғимараттар мен имараттарды салу және күрделі жөндеу жұмыстарына салынған инвестициялар 22,7%-ға көбеюі байқалды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу