Негізгі капиталға салынған инвестициялар өсті

Оның басым бөлігі өнеркәсіп пен жылжымайтын мүлік саласына бағытталған.  

Негізгі капиталға салынған инвестициялар өсті Фото: inbusiness.kz

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында негізгі капиталға салынған инвестициялар 9 859,7 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7%-ға артық.

Инвестиция көлемі бойынша үздік 3 бағыт:
- Өнеркәсіп (49,7%);
- Жылжымайтын мүлік бойынша операциялар (20,9);
- Көлік және қойма шаруашылығы (9,5%).

Инвестиция көлемі бойынша үздік 3 аймақ:
- Атырау облысы (21,9%);
- Алматы (9,9%);
- Астана (8,8%).

Инвестициялық бағыттарды талдау білім саласы бойынша салымдардың басым бөлігі Алматы (28%), денсаулық сақтау саласына салынған инвестицияның төрттен бірі Астанаға келетінін (25%) көрсетті.

Ақпарат және байланыс саласы бойынша салымдардың жартысына жуығы Астана (45%), ал үштен бірі дерлік Алматыға (29%) бағытталған.
Құрылыста – ең көп үлес Павлодар облысына (28%) келеді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу