Негізгі криптовалюталар бағамы қымбаттауда

821

Криптонарықтың жалпы капиталы 175,6 млрд долларды құрады.

Негізгі криптовалюталар бағамы қымбаттауда

Негізгі криптовалюталар бағасы өсіп келеді, ал биткойн сауда көлемі бойынша екі жылдық рекордты жаңартты, деп хабарлайды Forex Club.

Libertex мәліметтері бойынша, биткойн бағамы бір тәулікте 0,36%-ға өсіп, 5320 долларды құрады.

Айта кетсек, бұл криптовалютаға басқа сандық активтерге қарағанда хакерлік шабуылдар көп жасалады. Атап айтқанда, жақында ғана Microsoft Outlook желісінен пайдаланушыларға тиесілі биткойндар ұрланған болатын. Зерттеу деректері бойынша, алаяқтар мен хакерлердің іс-әрекеттері Bitcoin-биржаларына айтарлықтай шығын алып келеді.

Ethereum бір тәулік ішінде 0,06%-ға, яғни 158,8 долларға дейін қымбаттады. XRP бағамы бір тәулік ішінде 0,33%-ға өсіп, 0,303 долларды құрады. Оның  капиталы – 12,7 млрд доллар. 

Бұл криптовалютаның нығаюына бірнеше себеп бар. Атап айтқанда, әйгілі SAAB банкі тарапынан XRP-ге қызығушылық, сондай-ақ NASDAQ американдық қор биржасының XRP индексін іске қосуы.

Litecoin 0,14%-ға қымбаттап, 4,5 млрд доллар капиталмен 72,4 долларға дейін көтерілді.

Криптонарықтың жалпы капиталы 175,6 млрд долларды құрады.

Қаржылық скауттардың пікірі бойынша, сандық валюталар таяу болашақта бірқалыпты өсуді жалғастыруды мүмкін. Бұл жағдайда Bitcoin – 5350 долларға дейін, Ethereum – 159 долларға дейін қымбаттаса, XRP құны – 0,305 долларға дейін, Litecoin бағамы – 72,5 долларға дейін көтерілмек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу