Негізгі криптовалюталар бағамы бір тәулікте шарықтап шыға келді

878

Сандық ақша төңірегіндегі жағымды жаңалықтар биткойн бағасының 1 тәулікте 8777 долларға жетуіне әсер етті.

Негізгі криптовалюталар бағамы бір тәулікте шарықтап шыға келді

Facebook-тің криптовалютасын шығаратыны туралы жаңалығы негізгі сандық ақшалардың бағасына әсер етті. Сондай-ақ, Samsung те өзінің Samsung Pay төлем қызметінде криптоақшаларды біріктіруді жоспарлап отырғанын хабарлады.

Сандық ақша төңірегіндегі осындай жағымды жаңалықтар биткойн бағасының 1 тәулікте 8777 долларға жетуіне әсер етті. Ал Ethereum 7,89 пайызға нығайып, 269,9 долларды құрады. XRP 8,05 пайызға көтеріліп, 0,41 доллар болды. Litecoin 7,36 пайызға көтерілген, оның бағасы 115,5 долларға жетті.

Қаржы скауттары сандық ақшалар бағамының өсуі жалғасатынын болжайды. Биткойн 8900 долларға жетеді, деп жазады Forex Club.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу