Негізсіз байыған мемлекеттік қызметкерлер жазаланады

407

Жемқорлыққа қарсы агенттік өкілі Ұлан Сарқұловтың айтуынша, коррупцияны азайту үшін әлемдегі үздік  тәжірибелер енгізіледі.

Негізсіз байыған мемлекеттік қызметкерлер жазаланады

 

Олар 2021-ші жылы басталған кірісті декларациялаудың жалғасы болмақ. Егер жаза тағайындалмаса, декларация тапсырудың нәтижесі болмайды,- дейді антикор өкілі. 

Сондай-ақ, байлығы мен табысының арасындағы алшақтық 1 мың айлық есептік көрсеткіштен асса, соның 90 пайызы көлемінде айыппұл салынады. Яғни, 3 млн теңгеден астам айырмашылық болса, санкцияға ілінеді. Одан бөлек, жемқорлыққа жол бергені дәлелденсе, мемлекеттік қызметкер жұмыстан қуылады. Алайда, қылмыстық жауапқа тарту қарастырылмаған. Жаңа өзгерістер 2027-ші жылдан бастап күшіне енеді.

"Екінші шара - үш жылға  мемлекеттік қызметтен шеттету. Егер жылдық табысы мен байлығының арасындағы алшақтық 3 млн теңгеден асса, оған өз табысын дәлелдеуге мүмкіндік беріледі. Біз жазықсыз жандарды жазалаудан аулақпыз. Ол қылмыстық іс орбитасына тартылмайды. Бұл шаралар сыбайлас жемқорлықтың профилактикасы ретінде жүргізіледі", деді Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу