Неймардың айлық табысы 3 миллион еуродан асады

1901

 Неймардың айлық табысы 3 миллион еуродан асады

Француздың "Пари Сен-Жермен"  клубының шабуылшысы Неймар айына 3 миллион еуродан көп ақша табады, деп хабарлайды vesti.kz.
Неміс дереккөзінің мәліметінше, 25 жастағы футболшының апта сайынғы табысы - 100 мың еуродан асады. Материалда форвардтың Парижден 9 шақырым жердегі зәулім үйде тұратыны, оны бір күнге жалға алу құны 14 мың еуро екені айтылған.
Бразилиялық футболшының "Барселонадан" ПСЖ-ға ауысқаны жайлы испан клубының Instagram желісіндегі аккаунтында жарияланған ақпараттан кейін белгілі болған еді. Келісімшарт 2022 жылдың 30 маусымына дейін жасалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу