Неке қиюға өтінішті Halyk Homebank қосымшасы арқылы беруге болады

990

Әділет министрлігі Halyk Bank-пен бірлесіп банк қосымшасы арқылы неке қиюды тіркеуге өтініш беру бойынша сервистерін іске қосты.  

Неке қиюға өтінішті Halyk Homebank қосымшасы арқылы беруге болады Фото: gov.kz

Әділет министрлігі Digital Justice жобалар портфелі шеңберінде ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, мемлекеттік қызметтердің смартфондар арқылы қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр, деп жазады inbusiness.kz.

Halyk Homebank мобильдік қосымшасы арқылы қызметті алу үшін "Мемқызметтер" бөлімінде өтінішті толтырып, мемлекеттік баж (1 АЕК – 3 450 теңге) төлеуі және екінші қызмет алушы 48 сағат ішінде өтінімді растауы қажет.

15 күнтізбелік күн өткеннен кейін АХАТ органдары жас жұбайлардың қатысуымен неке қиюды тіркейді.

Айта кетейік, бұл өтінішті тіркеу мерзімі бұрын 1 айды құрайтын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу