"Неке жаңғырту рәсімі": Қыдырәлі мен Қарақат үйленді

660

Жұлдызды жұп Қыдырәлі мен Қарақат шаңырақ көтергендеріне 25 жыл толуына орай, күміс тойларын атап өтті. 

"Неке жаңғырту рәсімі": Қыдырәлі мен Қарақат үйленді Фото: karakat_a

Той үстінде имам Қыдырәлі мен Қарақаттың некесін қиды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"Бүгін – мен үшін керемет күн. 20 тамыз – шаңырақ көтерген сәтіміз. Қайтадан тұрмысқа шығайын деп жатырмын. Осыдан 25 жыл бұрын тойдың дайындығы қазіргідей болған жоқ. Кірпік жабыстырмадық, бетті боямадық. Шашты қоқайтып төбеге түйіп, оған гүлдерді топырлатып жапсырып алып шыға бердік. Аяла қызым күлді. Міне, енді өзім қалағандай етіп қайтадан тұрмысқа шығып жатырмын. Неге жаңғырту деген нәрсе – тамаша үрдіс. Осыдан 25 жыл бұрын некемізді қиған Лесбай имам бүгін күміс тойымыздың куәсі болып келіп отыр. Келген қонақтардың бәріне ризашылығымызды білдіреміз", – деді Қарақат Әбілдина.

Имам Қарақат Әбілдинадан маһрге не қалайтынын сұрады. 

"Әлемнің жарығын ата-анам сыйлаған болса, әлемнің бар гүлін, жақсылығын маған Қыдекем сыйлады, көрсетті. Ешуақытта маған "жоқ" деп қарсы келмеген, үлде мен бүлдеге орады, алақанына салып аялады. Уәде беріп, оны орындамай қойған кезі болмады. Осы күнімізге шүкір етіп, қуанып тұрмыз. Сондықтан маһр сұрағаным орынсыз болады, менде бәрі бар. Өзіңді кездестірген сәттен бастап әр күнім ертегідей" – деп шынайы ықыласын білдірді әнші.

Одан кейін Қыдырәлі мен Қарақаттың заңды некесін қию осыдан 25 жыл бұрын қалыңдықтың көйлегін ұстап жүрген кішкентай төрт жастағы Ақбота Шәкірқызына жүктелді. Ал неке куәгерлері – қыздары Аяла мен Айзада болды. Үйлену тойында Қыдырәлі мен Қарақат жаңадан неке жүзігін тағып, неке суын ішіп, бірге болуға ант берді.

Қыдырәлі аяулы жарына қымбат гауһартасты алтын алқа сыйлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу