Некеге отырған отбасылардың 15 пайызы бедеулік есебіне алынады

1473

Биыл Қазақстанда 900 отбасы жасанды жолмен бала сүю үшiн квота алған. 

Некеге отырған отбасылардың 15 пайызы бедеулік есебіне алынады

Қостанайда 2,5 мыңнан астам жұп бедеулік бойынша есепте тұр. Дәрігерлер оларға экстрокорпаралды ұрықтандыруға жүгінуге кеңес береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, некеге отырған отбасылардың 15%-ы бедеулік есебіне алынады. Облыстық аурухананың медициналық-генетикалық бөлімінің меңгерушісі Әсел Файзуллинаның айтуынша, Қостанайда 2,5 мыңнан астам жұп бедеулік бойынша есепте тұр.

"Мемлекет бала көтере алмайтын әйелдерге ана бақытын сезінуге көмектесу үшін ең озық технологиялар мен инновацияларды қолдану арқылы көмек көрсетіліп жатыр. Оларға заманауи жабдықпен жарақтандырылған экстрокорпаралды ұрықтандыру орталықтарына дер кезінде жүгінуге кеңес береміз. 2019 жылы Қазақстанда 900 отбасы жасанды жолмен бала сүю үшiн квота алған. Олардың 42-сі - біздің облыстан. Былтыр да 42 әйел ЭКҰ (экстрокорпаралды ұрықтандыру) ем-дом шарасын қабылдады. Олардың 17-сі жүкті болып, 5-еуі өмірге сәби әкелді. Облыста ЭКҰ-ға мемлекеттік квота алу үшін барлығы 256 отбасы кезекте тұр", –дейді ол.

Медициналық-генетикалық бөлімнің дәрігерлері бедеулік - тек бір отбасының ғана емес, күллі қоғамның қасіреті екенін еске салады. Сондықтан дәрігерлерге уақытылы жүгінген дұрыс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу