"Балалы болудан қорқамын": Сот отырысында Салтанат Нүкенованың құрбысы Аидамен хаттары оқылды

1679

Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысына марқұм Салтанат Нүкенованың құрбысы Аида Ахмедина тағы да куәгер ретінде келді.  

"Балалы болудан қорқамын": Сот отырысында Салтанат Нүкенованың құрбысы Аидамен хаттары оқылды Фото: zhogrgy_sot

Ол өз телефонында Салтанатпен хат-хабарын оқыды.

Бұған дейін Аида Ахмедина құрбысының күйеуімен қарым-қатынастағы қиындықтары мен одан кеткісі келгенін айтып берген еді. Олардың хат алмасулары Салтанат Нүкенованың телефонынан оқылды. Ал Аида Ахмединаның телефоны бұзылып қалғандықтан, оныкінен оқи алмады. Осы жолы хаттардың толықтығын тексеру үшін жаңа телефоннан оқу үшін құрбысын тағы шақырды.

  • Салтанат: Маған адвокат керек, жаным.
  • Аида: Саған қалай көмек бере аламын, жаным? Оған не керек?
  • Салтанат: Павлодарда болғаным дұрыс. Әйтпесе кейін ол менен өш алады. Мен онымен диалогқа түспеймін. Бір апта тыныш отыра тұрамын.
  • Салтанат: Кейде дұрыс адам сияқты болады, кейде адам төзгісіз, мен онымен әрі қарай бірге тұра алмаймын, ол емделмейді. Ол психологқа барып, өзін керемет етіп көрсеткісі келеді, басқалардан артық екенін дәлелдегісі келеді. Таиландтан келген психологқа 10 мың доллар жұмсадық. Бірақ ол өзгермейді. Өзгергендей кейіп танытып кешірім сұрайды да, кейін қайтадан қорлап, өш алады.
  • Салтанат Нүкенова Whatsapp желісінде Бишімбаев оған ұйқы бермейтінін айтып шағымданған.
  • Салтанат: Түнімен ұйықтамаймын, себебі ода ұйқы жоқ, маған да ұйқы бермейді.
  • Аида: Сонда сен ұйықтап жатқанда, жаныңда әрі-бері жүре ме?
  • Салтанат: Ол сөйлейді, ашуланып, айқайлайды. Оны тыңдамасам, ұрыс шығарады. “Сонда саған бәрібір екен ғой” деп тергейді. Бір жағынан оған жаным ашиды, өйткені ол “травма” алған және ауырады.
  • Аида: Ол бұған тұрмайды.
  • Салтанат: Ол мүмкін мұндай болғанына кінәлі емес. Мен, бірақ, өзім үшін қорқамын. Некемізді заңды түрде тіркеуден, балалы болудан қорқамын. Қазір одан басқа ешкіммен араласып жүрген жоқпын.

Сот отырысында Бишімбаев Аида Ахмединамен жақын араласқанын, бұл әрекет Салтанатқа ұнамайтынын айтты. Бірақ Аида Ахмедина оларды тек құрбысы Салтанат байланыстырғанын айтып, айыпталушының сөзін жоққа шығарды.

Бишімбаевтың адвокаттары куәгерден не себепті Қуандық екеуінің хаттарын өшіргенін сұрады. Ол ештеңені өшірмегенін айтты.

Бұған дейін де сот отырысында Салтанат Нүкенованың құрбысына жазған хаттары оқылды.

Еске салайық, Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталған. Кейіннен қылмысты жасырды деген айыппен Салтанат Нүкенова көз жұмған мейрамхананың директоры да тұтқындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу