Неліктен ДДҰ QazVac-ты әлі тіркемей отыр?

757

Бұл сұраққа "Егемен Қазақстан" газетіне сұхбат берген Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов жауап берді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Неліктен ДДҰ QazVac-ты әлі тіркемей отыр?

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы QazVac вакцинасын тіркеуі үшін Қазақстан ұлттық реттеушіні үшінші деңгейге дейін жеткізуі қажет. Басқаша айтқанда, республиканың санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің материалдық-техникалық базасы халықаралық стандарттарға сәйкес болуы тиіс. Осының барлығын ретке келтіру үшін 3 жылдан 5 жылға дейін уақыт кетеді деген сарапшылар пікіріне қарамастан, біз былтыр іс жүзінде 7 айдың ішінде Қазақстанды ұлттық реттеушінің екінші деңгейіне шығардық. Бұл фактіні біздің еліміздің халықаралық талаптарға сәйкестігін тексерген ДДҰ арнайы комиссиясы растады. Биыл жыл соңына қарай үшінші деңгейге шыға аламыз деп ойлаймын", – деді Тоғжанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу