Неліктен паркингте электромобильдерді зарядтауға тыйым салынады

Бұл сұраққа Төтенше жағдайлар министрлігі жауап берді. 

Неліктен паркингте электромобильдерді зарядтауға тыйым салынады Фото: freepik

Төтенше жағдайлар министрлігі неліктен автотұрақтарда электромобильдерді зарядтауға тыйым салынғанын түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Ғимараттарды пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптары Төтенше жағдайлар министрлігінің 2022 жылғы 21 ақпандағы бұйрығымен бекітілген.

"Айта кететін жайт Төтенше жағдайлар министрлігі зерттеген өртті сөндірудің халықаралық тәжірибесі электр көліктерінде орнатылған литий-иондық аккумуляторлардың өрт қауіпті сипаттамаларын көрсетеді. Электрокөліктердегі өрттерді сөндірудің шетелдік тәжірибесі литий-иондық аккумуляторлардың қысқа мерзімде тұйықталып, істен шығып және өздігінен тұтануы мүмкін екенін көрсетті", – деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі. 

Сондықтан ведомство электромобильдер мен зарядтау станцияларында өрт немесе түтін пайда болған жағдайда өрт сөндіру қызметін шақырып, адамдарды қауіпсіз аймаққа уақтылы көшіру қажет екенін атап өтті.

"Электр көліктеріндегі өртті иелерінің өздігінен сөндіруі орны толмас зардаптарға әкеп соғуы мүмкін екенін еске саламыз", – деп қорытындылады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу