Неліктен ревакцинация кезінде басқа препарат салдырған дұрыс?

959

Мұның себебін маман түсіндірді. 

Неліктен ревакцинация кезінде басқа препарат салдырған дұрыс?

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының профессоры Равиля Егембердиева мәлім етті, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

Спикердің сөзінше, вакцина коронавирустан қысқа мерзімді қорғаныс қабілетін қалыптастырады. 

"Сондықтан ревакцинациядан өту ұсынылады. Вакциналанғандардағы антиденелер бірнеше айдан кейін азаяды, дегенмен кей адамдарда ол ұзақ уақыт төмендемейді. Ал антиденелерді арттыру үшін қайта екпені басқа вакцинамен алған дұрыс. Иммунитетті күшейту үшін "басқа вакцинация" қағидаты ұсынылады. Әр түрлі вакциналар иммундық реакцияға басқаша әсер етеді сондықтан екпені басқа вакцинамен ауыстырудың пайдасы зор", – деді Равиля Егембердиева. 

Еске сала кетсек, халықты жаппай ревакцинациялау 2022 жылдың қаңтарында, ал тәуекел топтары үшін – ағымдағы жылдың 22 қарашасынан бастау жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу