Неміс алыбы Volkswagen Германияда зауыттарын жауып жатыр

167

Volkswagen мен кәсіподақ басшылары арасындағы келесі келіссөздер сәрсенбіге жоспарланған. 

Неміс алыбы Volkswagen Германияда зауыттарын жауып жатыр Фото: Ведомости

Volkswagen басшылығы кем дегенде үш зауытты жауып, ондаған мың жұмыс орнын қысқартқысы келеді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Сонымен қатар қалған қызметкерлердің жалақысын 10%-ға қысқарту да қарастырылып жатыр, делінген Вольфсбургтегі топтың өндірістік кеңесі мәлімдемесінде.

Аталмыш құжатта айтылғандай, көптеген тапсырмалар мен тұтас бөлімдердің қызметі сыртқы қызмет көрсетушілерге беріледі.

Volkswagen үш айға жетер-жетпес уақыт аралығында екінші рет пайда көрмей жатқаны туралы ескерту жасағаннан кейін жоғарыдағы хабарламаны жариялап отыр. 

Қытай мен Еуропа нарығындағы сұраныстың азаюы, сондай-ақ электромобильдерге көшу үрдісі өндірушінің кірісіне кері әсерін тигізген.

Басқарма сондай-ақ ұжымдық келіссөздерге қатысқаны үшін ай сайынғы 167 еуро сыйақы мен басқа да бонустарды алып тастағысы келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу