Германиялық Lufthansa әуе компаниясы Израиль, Иран, Ирак, Иордания және Ливанның кейбір қаласына ұшатын рейстерді 13 тамызға дейін тоқтатты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Интерфакс"-қа сілтеме жасап.
Компания осыған дейін билет алып қойған жолаушыларға билеттерді тегін қайта брондауды немесе тапсыруды ұсынып отыр.
Тамыз айының басында Lufthansa жақын арада Израильге баратын барлық рейстен бас тартатынын жариялаған болатын.
Lufthansa Group концерні де 12 тамызға дейін Тегеран мен Бейрутқа ұшатын рейстердің уақытша тоқтатылғаны туралы хабарлады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу