Неміс банкі қателесіп басқа банктерге бірнеше миллиард доллар аударып жіберген

1263

Неміс банкі қателесіп басқа банктерге бірнеше миллиард доллар аударып жіберген

KfW неміс мемлекеттік даму банкі қателесіп басқа төрт банкке бірнеше миллиард доллар аударып жіберген. Бұл мәліметті банк өкілдері Reuters агенттігіне растады. Бұл туралы BBC News хабарлайды, деп жазады  tengrinews.kz.

Неміс БАҚ-тарының мәліметінше, банк 5-6 миллиард доллар аралығында қаражатын жоғалтып ала жаздаған. Ал Bloomberg агенттігі өзінің дереккөзіне сілтеме жасай отырып, бұл жағдайдың техникалық ақаудан болғанын айтады. Сонымен қатар, техникалық ақаудың салдарынан жеке төлемдердің бірнеше рет жүргізілгені хабарланып отыр. Банк өкілдері бұл мәселенің зерттеліп жатқанын айтып өтті. Басылымның мәліметінше, KfW банкі мұндай жағдайда бірінші рет болып тұрған жоқ. Банк 2008 жылы Американың Lehman Brothers банкіне 300 миллион доллар аударып жіберген екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу