Автордың айтуынша, бұл орындар мегаполиске тән тыныштық пен үйлесімнің ерекше атмосферасын қалыптастырады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Германияның Rhein-Neckar-Zeitung басылымы Алматы туралы мақала жариялап, автор Каспер Эстеррайх қаланы "мәдениеттердің қайнаған қазаны" және еуропалық саяхатшыларды баурап алатын жаңа орталық ретінде сипаттады.
Материалда Алматының Орталық Азиядағы мәдени және гастрономиялық орталық ретінде қарқынды дамып келе жатқанын атап өтеді. Қала кеңестік дәуірдің тарихи келбеті мен заманауи жайлылықты шебер ұштастыра білген.
Автор табиғи ландшафт туралы ерекше тоқталып, Алматы маңындағы шатқалды әйгілі Қызыл Гранд шатқалымен салыстырады.
Rhein-Neckar-Zeitung (RNZ) – 80 жылдан астам тарихы бар Германияның беделді басылымдарының бірі.