Неміс бундеслигасына алғаш рет әйел төрелік етпек

729

Неміс бундеслигасына алғаш рет әйел төрелік етпек

2017/18 маусымында арбитр Бибиана Штайнхаус неміс бундеслигасына төрелік ететін алғашқы әйел болады, - деп хабарлайды  kaz.vesti.kz.
38 жастағы Штайнхаус Ганновер қаласында полицей болып істейді. Оның әкесі де арбитр болған екен. Төреші болғанға дейін ол футбол ойнаған. Штайнхаус 2012 жылғы Олимпиадада әйелдер футболында төреші болған.
"Бундеслига матчтеріне төреші болу менің арманым. Арманыма қол жеткізгеніме қуаныштымын. Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік, сонымен бірге жұмысымды ары қарай жалғастыруға ынта береді. Мен бұл міндетіме жетуге асықпын", - дейді Штайнхаус Неміс футбол кеңесіне (DFB) берген сұхбатында.
Ерлер матчына төрелік еткен алғашқы әйел Гертруда Гебхарт. Ол 1995 жылы бундеслигадағы ерлер матчында бас төрешінің көмекшісі болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу