Неміс дәрігері отандық мамандарға шеберлік сыныбын өтті

994

Осындай шеберлік кластарды өткізу кардиохирургиядағы оперативтік араласаулардың техникасын меңгеруге, мамандардың кәсіби дағдысын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.  

Неміс дәрігері отандық мамандарға шеберлік сыныбын өтті

Кеше Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ ұйымдастырған шеберлік класс шеңберінде Қазақстанда алғаш рет Германиядан келген жетекші кардиохирург (Гамбург қ.), профессор Thorsten Hankeнің қатысуымен криоблация (экстремалдық суықтың әсеріне негізделген жүрек аритмиясын емдеу) жасай отырып, митралдық қақпақшаны хирургиялық түзету операциясы жасалды, деп хабарлайды институттың баспасөз қызметі.

Алматы қаласына "Қақпақшалы және қақпақшалы емес жүрекше фибрилляциясын диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістері" тақырыбындағы шеберлік класқа қатысу үшін Қазақстанның барлық  өңірлерінен кардиолог дәрігерлер, интервенциялық кардиологтар мен аритмологтар, кардиохирургтар, терапевт дәрігерлер және жалпы практика дәрігерлері келді.

Қатысушылар профессор Thorsten Hankeнің терапияны тиімді таңдау және электрофизиология туралы дәрісін тыңдады. Ол жүрекше фибрилляциясының қаншалықты қауіпсіз екенін айтып өтті. Оның айтуынша, жүрекше фибрилляциясын сәтті емдеу пациенттердің өмір сүру сапасын, ұзақтығын және деңгейін жақсартуға, инсульт қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар доктор Thorsten Hanke мамандарды оқытудың қажеттілігі мен маңыздылығын және хирургтың алғашқы бес операциясы міндетті түрде тәжірибелі маманның жетекшілігімен жасалуы керектігін атап өтті.

Институттың кардиология кафедрасының профессоры Күлзида Қошымбаева жүрекше фибрилляциясына абляция жасалғаннан кейін пациенттерді операцияға дейін және операциядан кейін емдеп-қарау туралы, ал жүрек ырғағының және өткізгіштігінің бұзылуы бөлімшесінің меңгерушісі Роин Реквава – жүрекше фибрилляциясының катетер арқылы емдеу туралы айтып берді.

Шеберлік класс барысында нақты клиникалық жағдайлар қарастырылды және қатысушылар Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ бөлімше меңгерушілері Рүстем Төлеутаев және Роин Рекваваның  профессор Thorsten Hankeмен бірлесіп жасаған операцияларды көруге мүмкіндік алды.

Бүгін операция алды және операциядан кейінгі ұсынымдар беріліп, сонымен қатар операция жасалғаннан кейінгі клиникалық жағдайлар  қарастырылды. Жасанды қан айналым зертханасы бар кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Рүстем Төлеутаев еліміздің барлық өңірлерінен келген әріптестеріне жүрекше фибрилляциясын торакоскопиялық емдеудің тәсілдерімен таныстырды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу