Германияның жетекші экономистері Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауында жарияланған бастамаларға қолдау білдіріп отыр, деп хабарлайды 24.kz.
Неміс экономикасы Шығыс комитетінің атқарушы директоры Михаэль Хармс "Астана" халықаралық қаржы орталығы Қазақстан экономикасына шетел инвестициясын тартуда маңызды рөл атқаратынына сенімді.
"Қазақстан президентінің жолдауында экономиканы сандық жүйеге көшіру, өнеркәсіпті жаңғырту және жаңа технология енгізуге үлкен көңіл бөлінген. Бұл – Германия мен бүкіл Еуропа үшін де өзекті мәселе. Бизнес үшін жағдайдың жақсаруы да – жақсы белгі. "Астана" халықаралық қаржы орталығының құрылуын құптаймын. Неміс кәсіпкерлерінің Қазақстанға салатын инвестициясын едәуір арттыруға мүмкіндік бар. Көбірек бірлескен жобаларды іске асыру үшін тынбай еңбек етуіміз қажет деп санаймын", – дейді неміс экономикасы Шығыс комитетінің атқарушы директоры Михаэль Хармс.